Маңғыстауда қанша шақырымға жуық жол ақылы болады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Маңғыстау облысында жалпы ұзындығы 661 шақырым автомобиль жолдары ақылы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің қоғамдық коммуникация орталығында сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айбек Әнуарбеков айтуынша, жалпы ұзындығы 661 шақырым автомобиль жолдары ақылы болады. Олар республикалық маңыздағы «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» және «Бейнеу-Ақтау» автожолы. «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының Маңғыстау облысы бойынша ұзындығы 207 шақырым.

«Бүгінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолына қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, өткен жылдың аяғында пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» учаскесінде 3 бақылау аркасы орнатылған және клиенттермен жұмыс істеудің 1 орталығы қарастырылған. Олар ақылы түрде Боранқұл, Есет, Сарға, Бейнеу, Сыңғырлау, Ақжігіт, Тәжен, Төлеп, Сайөтес, Боздақ, Жармыш, Шетпе, Бекі, Жетібай, Мұнайшы елді мекендері арқылы өтеді. Қазіргі таңда Бейнеу-Ақтау учаскесінде 6 бақылау аркасы орнатылған және клиенттермен жұмыс істеудің 1 орталығы қарастырылған»,-деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ МОФ директоры Айбек Аманжолов.


Соңғы жаңалықтар