Маңғыстауда қандай медицина мамандары жетіспейді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда 75 медицина қызметкері жетіспейді. Оның ішінде 26-сы - реаниматолог, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен коронавирус инфекциясы және пневмонияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

Жиында денсаулық сақтау объектілерінің КВИ таралуының екінші толқынына дайындығы, денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу, денсаулық сақтау объектілері үшін жеке қорғану құралдарының және мамандандырылған автокөліктің дайындығы, дәріхана желілерінде дәрі-дәрмект тұрақтандыру қорын қалыптастыру мәселелері көтерілді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның мәліметінше, бүгінгі таңда 170 инфекциялық, 43 реанимациялық төсек бар.

«Өңірдің барлық медицина мекемелерінде 246 ӨЖЖ аппараты бар. Сондай-ақ облыстық ауруханада 638 оттегі концентраторы, 57-і ӨЖЖ аппараты бар. Қазіргі уақытта халыққа 121 медициналық мобильді топ қызмет көрсетуде. Жуырда мамандандырылған 86 жедел жәрдем автокөлігі жеткізіледі»,-деді Жамал Жаманбаева.


Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов демеушілік және гуманитарлық көмек арқылы алынған медициналық қорғаныш костюмі жайында ақпарат берді.

«Жеке қорғаныс құралдарына бөлінген бюджеттің қаржысына, демеушілік және гуманитарлық көмек арқылы 2 айға жететін 46 424 әртүрлі типтегі медициналық қорғаныш костюмі, 2,026 млн маска (1,9 млн 3 қабатты және 7000 4 қабатты маска, 27 660 респираторлық маска және басқалар), 143 650 қолғап, 24 380 дезинфекциялық құрал және 129 инфроқызыл термометр алынған. Одан бөлек 876 523 бір реттік медициналық қолғап жеткізілу жоспарлануда», - деді ол.

Жиында коронавирус инвекциясының алдын алу мақсатында өңірдегі ауруханаларда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жайында айтылды.

«Бүгінгі күні өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Ақтауда 3 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар балалар, облыстық аурухана және қалалық емхана. Облыстық және балалар аураханасындағы жұмыстар аяқталды. Ал, инфекциялық орталықтың құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр, 15 қазан күні аяқталады»,- деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов.

Бұдан бөлек, дәрі тапшылығын болдырмау мақсатныда қолға алынған шаралар жайында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов баянама жасады.

Оның мәліметінше, өңірде 325 дәріхана жұмыс істеп тұр.

«КВИ емдеуге арналған 22 түрлі дәрінің дәріханаларда болуы үнемі бақылауда. Қазіргі уақытта өңірде 325 дәріхана жұмыс істейді, оның 3-і бірқатар медициналық препараттарды дайындауға лицензиясы бар. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында өңір кәсіпкерлеріне бір реттік тасымалдауға рұқсат берілді. Бұл шара өңірді екі айлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Б.Қашақов.


Соңғы жаңалықтар