Маңғыстауда ірі бұршақ малды қырып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Үштаған ауылында ірі бұршақ жауып, өрістегі малды қырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, 24 мамырда Маңғыстау ауданы Үштаған ауылына қатты бұршақ жауған. Куәгерлер көлемі грек жаңғағындай бұршақтардың суреттерін әлеуметтік желіге жариялады. Куәгерлердің атап өтуінше, бұршақтар өсімдіктерді жайпап, өрісте жүрген жануарларды өлтіріп кеткен. Бірнеше минуттың ішінде Үштаған ауылы қыстағы кейіпке еніп, барлық жер ағарды.

Соңғы жаңалықтар