Маңғыстауда ер адамды қылқындырып, тонап кеткен екеудің қылмысы камераға түсіп қалды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бейнеудегі жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кеткен. Оның сөмкесінде 80 мың теңге болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйықтап жатқан азаматтың қол сөмкесін ашықтан-ашық ұрлаған 2 жігіт оқиға орнынан бой тасалаған.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, күдіктілерді ұстады. Аталған факт бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп бастады» - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 7 тамыз күні таңертеңгі мезгілде болған.





Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар