Маңғыстауда ер адам қарт анасын ұрып өлтірді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында 77 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті қазір уақытша қамау абақтысына қамалды.

Жан түршігерлік жағдай Бейнеу ауданындағы ауылда болған. Үйдің бірінен 77 жастағы қарт әйелдің денесі табылған.

Сараптама қорытындысы бойынша, кейуананың соққыдан қайтыс болғаны анықталған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел-іздестіруі нәтижесінде ұлы күдікті ретінде қамауға алынған.

Ер адамды тергеу кезінде ол кінәсін толықтай мойындады. Айтуынша, отбасылық жанжал кезінде анасын өлімше қылып сабаған. Қатты соққының салдарынан анасы көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар