Маңғыстауда елді мекендерді ауыз сумен қамтуға 1,3 млрд теңге бөлінді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы өңірдегі елді мекендерді түгелдей дерлік ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 13 жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатта Республикалық бюджеттің нақтылануы кезінде  1,3 млрд теңге бөлінді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков  аппараттық жиында осылай мәлім етті.

2018 жылдың 5 айдың қорытындысында қала бойынша 100% сумен, ал облыстағы 61 ауылдық елді мекеннің 39-ы немесе 64% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

 Қазіргі кезде аймақтағы сумен қамту 3 су көзі арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылы су тұтынудың жалпы көлемі 44,6 млн текше метрді, ал тәулігіне 122,2 мың текше метрді құраған.

Сапар Аманбековтің айтуынша, 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш тәулігіне 70 мың текше метрге жетеді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар