+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Маңғыстауда екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін

2020 жылғы 27 қазан 16:36
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте қыз ұзатуға жиналған 100-ге жуық қонақ үйіне қайтарылды Атбасарда зауыт директорының орынбасары асханада туған күнін тойлаған Мақтааралда полицейлер тойдың үстінен түсіп, қонақтарды тарқатты

Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінін басшысы Ғазиз Надуевтың мәліметінше, ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, кафе иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілген.

Оған себеп - кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырып әкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай бірнеше рет той жасау деректері тіркелген.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша, өңірде соңғы 20 күнде 27 карантин талабын бұзу дерегі анықталды.

«Рейд барысында 108 нысанда заңбұзушылық анықталып, 57 (12 жеке кәсіпкер, 44 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) әкімшілік хаттама (5 млн 972 700 теңге) толтырылды. Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін. Ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, кафе иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілді. Оған себеп, кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырыпәкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай бірнеше рет той жасау деректері тіркелген», - деді ол.

Ал, 1 тамыздан бастап коронавирус пневмониясымен ауырған 230 науқас тіркелді. Соның ішінде 81-і - жасы 60-тан асқан тұрғындар.

«230 науқастың ішінде 81-і - 60-тан асқан адамдар. Бұл – басқа жас категориялармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Оның барлығы қазіргі таңда жасырын түрде той, садақа ұйымдастырып, оған барудың салдарынан туындап отыр. Өйткені отбасылық шараларға көбіне-көп үлкен жастағы адамдар қатысады», - деді Ғ. Надуев.

6 қазаннан бастап, Өзбекстан Республикасымен шекарада орналасқан «Тәжен» автомобиль өткізу пункті арқылы 3401 автокөлік және жаяу жолаушылар кірді. Оның ішінде: транзиттік автокөліктер - 3130, Қазақстан Республикасына 216 автокөлік, 52 жолаушы (20 жолаушы ПТР анализсіз, ал 32 жолаушы - ПТР анализімен), 4 транзиттік жолаушы өтті.

Тексерілген 20 азаматтың ішінен 2 оң нәтиже анықталды. Екеуі де шағымсыз түрімен анықталуына байланысты үй карантиніне алынды.

Ақтау халықаралық әуежайы арқылы шет елдерден 743 жолаушы ұшып келсе, оның ішінде 64 жолаушы ПТР анализі болмауына байланысты 2 күнге стационарға жатқызылып, коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсырды.

Тест қорытындысы бойынша олардың вирус жұқтырмағаны белгілі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT