Маңғыстауда екі сарбаз жарылған гранатадан жарақат алды

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан №99116 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі екі сарбазы жарылған гранатадан жарақат алған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы Данияр Әлжанов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік өкілінің мәліметіне қарағанда, №99116 әскери бөлімінің қос сарбазы С. Кошелев пен Б. Жаманбаев оқу полигонындағы оқу-жаттығу кезінде жарақат алған.

«Қазіргі уақытта құзыретті органдар тергеу жүргізуде. Оқиға орнында әскери-құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметшілер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан жарақат алған. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша ертең С. Кошелевті әскери бортпен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу жоспарланған», - деп жазды Данияр Әлжанов.

Соңғы жаңалықтар