Маңғыстауда дзюдодан халықаралық турнир өтіп жатыр

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде халық батырлары «Иса-Досан» жүлдесіне арналған ХІІІ халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада еліміздің 14 облысы мен Әзербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 700-ден астам спортшы бақ сынайды. Екі күнге созылатын жарыста 2008-2009 және 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар бәсекеге түседі.

«Бүгін дзюдодан басталған халықаралық доданың басты мақсаты - ұлттық дәстүрлерімізді насихаттау, ел үшін жанын пида еткен баһадүр бабалар ерлігін ұлықтау, рухына тағзым ету»- деді жарыс ұйымдастырушысы Манарбек Бисекенов.

Айта кетейік, жарыста І, ІІ және ІІІ орын алған дзюдошылар ҚР спорт шеберлігіне үміткер деген атаққа ие болады.


Соңғы жаңалықтар