+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Маңғыстауда дезинфекция кезінде 2 адамның өліміне себепші болған маман сотталды

2019 жылғы 6 желтоқсан 14:55
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда дезинфекция кезінде 2 адамның өліміне себепші болған маман сотталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы көппәтерлі үйлердің бірін улау барысында тыйым салынған дәріні қолданған маман 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мұнайлы аудандық сотында ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігімен улау жұмысын жүргізген азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Сотта анықталғандай, Ж. есімді азамат Маңғыстау ауылында пәтер иесінің тапсырысымен 30 мың теңгеге қандаланы жою жұмысын жүргізген. Ол улау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілмеген, 1-сыныпқа жататын (Үндістанда жасалған) ауылшаруашылығында, астық сақтау қоймаларында әртүрлі зиянкестерді жоюға арналған «Квикфос» таблеткасын пайдаланған.

Салдарынан дезинфекция жүргізілген пәтерге көрші орналасқан пәтердің 5 тұрғыны уланып, екеуі мерт болды. Атап айтсақ, Ш. есімді азамат уланып көз жұмған. Ал, кәмелетке толмаған Ф. облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ж. ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметпен айналысу құқығынан үш жылға айырылды. Сондай-ақ, 5 жыл мерзімге сотталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT