Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Маңғыстауда дәрігерлер баланың саусағына кептеліп қалған болтты кесіп алды

2019 жылғы 15 маусым 12:42 799
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда дәрігерлер баланың саусағына кептеліп қалған болтты кесіп алды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында бала ойнап жүріп саусағын болтқа сұққан. Кептеліп қалған бұранданы алып тастауға құтқарушылар мен дәрігерлер көмекке келді. Бұл жайлы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«12 маусымда шамамен сағат 20:30-да облыстық Балалар ауруханасына болтқа саусағы кептеліп қалған баланың ата-анасы хабарласты. Дәрігерлер құтқарушылармен бірлесіп, бір сағат бойы баланың қолындағы темір болтты кесумен айналысты. Аралау кезінде темір қызып кеткендіктен бала ауырсынды. Сол себепті дәрігерлердің наркоз қолдануына тура келді. Бәрі сәтті аяқталып, баланың қолындағы болт алынды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, қажетті емін алып жатыр», - деп хабарлады баспасөз хатшысы.



Ата-анасының айтуынша, үйдегі жөндеу жұмыстары кезінде бала байқамай болтты саусағына киіп алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT