+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Маңғыстауда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі аптаның соңында шешіледі

2020 жылғы 3 шілде 00:25
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі аптаның соңында шешіледі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Маңғыстау облысының дәріханаларында дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Бұл туралы өңірлік комуникациялар орталығының Маңғыстау облыстық филиалынан хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы дәрігерлері құлақсыз туған балаларға бірегей ота жасамақ COVID-19 қайта өршіген жағдайда «103» қызметі қалай жұмыс істейді 1,6 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды

Бүгінгі таңда Ақтау қаласында дәрі дәрмектерді тасымалдаумен 4 мекеме айналысады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар «Медсервис» ЖШС, «Эмити» ЖШС, «Іңкәр» ЖШС және «Ада-фарм» ЖШС. Бүгінгі таңда, «Іңкәр» және «Медсервис» мекемелеріне дәрілер келіп түсті және олар, дәріханаларға жеткізілуде.

Сонымен бірге, «Ада-фарм» ЖШС өзінің 22 дәріханасын толық қамтамасыз етті. «Медсервис» ЖШС және «Эмити» ЖШС өңірге қажетті дәрі-дәрмектерді шілденің 7-сі жеткізетін болып отыр. Осыған орай, алдағы аптаның ортасында облыстағы дәрі-дәрмекке деген қажеттілік қамтамасыз етіледі. Қазір таңда, Ақтау қаласында антибиотиктердің 18 атауы, вирусқа қарсы препараттардың 9 атауы, қызу түсіретін дәрілер 17 атауы бар.

Айта кету керек, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі қазір барлық өңірде де байқалып отыр. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық провизорлар мен фармацевттер қауымдастығы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында дәрілік заттарға қажеттіліктің өсуіне қатысты мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT