Маңғыстауда биыл мемқызмет көрсету 80% электронды форматта жүргізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен жиналыс өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Электронды Үкімет» дамуы мен мемлекеттік қызмет көрсету барысы жайлы Маңғысытау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰАҚ филиалының директоры Ербол Байжігіт және Маңғыстау облысы әкім аппараты басшысының орынбасары Әсел Балманова баяндама жасады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау өңірі бойынша 11 бөлімі, екі секторы және бір филиалы бар. Реестр бойынша барлығы 741 қызмет түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 377 536 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Мобильді ХҚО бойынша 316 шақырту жасалынып, 6 063 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өз өзіне қызмет көрсету секторлары бар. Олар арқылы 2018 жыл ішінде жалпы сомасы 61 млн. теңгені құрайтын транзакция жасалған. Сондай-ақ азаматтарға ЭЦҚ арқылы, бір реттік пароль, EgovKzBot Телеграм боты арқылы мемлекеттік қызмет алу оңтайландырылып, үшінші жақ тарапынан анықтама алу жеңілдетілді деді, Ербол Байжігіт.null

Әсел Балманованың мәліметінше, бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар 195 мемлекеттік қызмет түрін ұсынып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бюрократиялық процедуралады азайтып, жемқорлықты жою бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді 2019 жылы 80 пайызға, 2020 жылы 90 пайызға электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр. 2018 жыл қорытындысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 147 қызмет түрі бойынша 3 336 710 қызмет көрсетілген.

былтыр мемлекеттік органдар тарапынан қағаз форматында көрсетілген қызмет түрі азайып, мемлкеттік корпорация және электронды форматтағы қызмет көрсету түрі артқан. Мәселен, 2017 жылы Мемлекеттік корпорация арқылы 55 қызмет түрі көрсетілсе, 2018 жылы қызмет түрі 65 дейін артқан. 2017 жылы электронды форматта 40 қызмет түрі көрсетілсе, 2018 жылы 54 қызмет көрсетілді. Цифрландыру аясында жаңа туған нәрестелерді тіркеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Нәтижесінде (M-gov) мобильді қосымшасы арқылы 3811 ана тіркеліп, 195-і туу туралы куәлік алды, 1 032 бала бала бақшаға кезекке түрғызылып, 620 ана жүктілігіне байланысты және тууына байланысты жәрдемақы алды.

Жерасты суы мен пайдалы қазбалар қоры туралы Маңғыстау облыстық геология және жерді пайдалану инспекциясы басшысы Алмагуль Келбет баяндап берді.

Маңғыстау облысы бойынша барлығы 251 барлаушы және өндіруші компания қызмет атқарады. Мемлекет балансында 535 млн.тонна қорды құрайтын 72 мұнай орны бар. 44 газ кен орындарында жалпы қоры 200 млрд. текше метрді құрайды.

Қазіргі таңда 65 жер асты суы кен орнында тәулігіне өндірілетін судың көлемі 584,4 мың текше метрді құрайды. Ал, 43 кен орнындағы судың жалпы қоры тәулігіне 332,459 мың текше метрге жетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар