Маңғыстауда биыл 7 мыңнан астам оқушы 11-сыныпты бітіреді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда биыл 14 500-ден астам бала 9-сыныпты, 7 439 оқушы 11-сыныпты бітіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп бітіретін 149 түлек «Алтын белгіге», 450 түлек Үздік аттестатқа үміткер.

«9-сынып оқушыларына арналған қорытынды емтихандар 2-13 маусым аралығында өтсе, 11-сынып түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау 5-19 маусым аралығына жоспарланған. Ал жалпы орта білім туралы аттестаттар 11-сынып түлектеріне 21-22 маусымда мектептерінің қабырғасында тапсырылатын болады», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

ҰБТ тапсыру 18 мамыр басталып, 4 шілдеге дейін жалғасады. Биыл емтихан тапсыруға 13 580 өтініш келіп түскен және өңірде үш тестілеу орталығы бар.


Соңғы жаңалықтар