Маңғыстауда биыл 196 тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында биыл 196 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Айдос Хамиевтің айтуынша, былтыр Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 256 үй салынып, оның 64-і тұрғындарға пайдалануға тапсырылған. Ал, қалған 196 үй биыл беріледі. Мұны мәлімдеді.

null 

Жалпы, өңірде 2017 жылы 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Ал биыл, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 18 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Бұл мақсатта 880 миллион теңге қаражат бөлінген. Баспананың басым бөлігі Мұнайлы ауданында бой көтермек. Мәселен, 24 пәтерлі 8 үй Маңғыстау ауылынан салынса, 4 пәтерлі 40 үй Батыр елді мекенінде тұрғызылады. Ал, 24 пәтерлі 4 қабатты үй Қарақия ауданының Құрық ауылынан бой көтереді.

null 

«Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғызылатын үйлерді алу үшін барлық аудан әкімдігі тұрғындардың тізімін жасақтау қажет. Қазір Мұнайлы ауданында өткен жылдан қалған 152 пәтер бар. Бұл енді несие арқылы беріледі. Ал, Түпқараған ауданында былтырдан қалған бірнеше үйдің құжатын «Нұрлы жер» бағдарламасына сай жасау керек», - деді Айдос Хамиев.

null 

Сондай-ақ, жиында өңірдегі тұрғын үйлерде кездесетін олқылықтар айтылды. Мәселен, сапасынан бөлек, инфрақұрылымға жіті назар аудару керек. Облыстық энергетика және тұрғын үй басқармасы басшысының айтуынша, бұл көп жағдайда жылу жүйесінде ақау тудырады.

null 

«Жылу жүйесі - өте күрделі құрылым. Нақтылықты талап етеді. Кейде 5 қабатты үйдің орнына 6 қабатты үй салынады. Ол жерде тұрғындардың жылу жүйесін тұтыну қабілеті жоғарылайды. Яғни, тұтыну мөлшері 2 есе артады»,- дейді Энергетика және тұрғын үй басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.

null 

Алдағы уақытта аудан мен қалаларда салынатын нысандардың жобалық сметалық құжаты тек облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тексеруінен өтпек. Себебі, ереже сақталуы шарт. Болмаса құрылыстағы олқылық азаймайды.

Соңғы жаңалықтар