Маңғыстауда битум тиеген жүк көлігі басып кеткен джиптің жүргізушісі аман қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау-Жаңаөзен республикалық тас жолында битум тиелген жүк көлігі сайға түсіп кетті. Жүк көлігі одан қарсы келе жатқан көлікті қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14 тамыз күні сағат 17:00 шамасында болған. Жол апатының видеосы бүгін әлеуметтік желілерде тарады. Онда жүк көлігі жолдың қарсы бағытында келе жатқан джипті шетке қарай қағып, үстінен өте шыққаны түсіп қалған. Алайда жеңіл көлік жүргізушісі аман қалған. Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.


«Жүк көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, темір қоршауға соғылады. Содан соң сайға түсіп кетіп, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігімен қақтығысқан». - деді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінен.

Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты тиісті хаттама толтырылды.



Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар