Маңғыстауда бір апта ішінде үш автокөлік өртенді
2022 жылғы 19 тамыз 02:13

Маңғыстауда бір апта ішінде үш автокөлік өртенді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда 8-14 тамыз аралығында 3 автокөлік өртенген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті ,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде бір аптада құтқару қызметіне 41 шақыру келіп түскен. Оның 9-ы өрт оқиғасына қатысты болған. Ал үшеуі автокөліктердің жануы бойынша болды» делінген мәліметте.

Автокөліктердің екеуі Ақтау–Жаңаөзен тас жолында орын алған. Ал біреуі Ақтау қаласының 32а шағын ауданында өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт оқиғаларының себептері анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ескертіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT