Маңғыстауда биіктігі 17 метрлік жасанды шырша өртенді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жасанды шырша өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы 06:10-да Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы Маңғыстау кентінің орталық алаңында тұрған жаңажылдық жасанды шырша өртенді.

«Шыршаның биіктігі – 17 метр. Өрт сөндірушілердің күш салуымен қызыл жалын таңғы 06:25-те өшірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала себеп – электр желісінің қысқа тұйықталуы» делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 5 адам және бір техника жұмылдырылды.




Соңғы жаңалықтар