Маңғыстауда басқарма басшысының үстінен қызметкерлері арыз жазған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл әдеп кеңесінің отырысында қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы басқармасына жалпы конкурс арқылы қабылданған бір топ жас мемлекеттік қызметшілердің ұжымдық арызы бойынша Серік Қалдығұлға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде тәртіптік іс қозғалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған. Яғни бас маманның міндетін атқарушы болып қабылданған қызметкерлердің құжаттары, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті органдарына арнайы тексеруге жолданбағаны көрсетіліп отыр.

«ҚР мемлекеттік заңнамасына сәйкес арнайы тексеру тағайындалуы керек. Сол арнайы құжаттарды жинап, ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдау қажет. Бірақ бұл 5 азаматқа қатысты іс бойынша кемінде 8 ай бойы арнайы тексеру құжаттары тағайындалмаған және жолданбаған. Сол себепті бұл мемлекеттік қызметшілердің жеке құқықтарына, мүдделеріне үлкен нұқсан келгендіктен сол азаматтардың ұжымдық арызы негізінде басқарма басшысына қатысты тәртіптік іс қозғап, ауыл шаруашылығы басшысын тағайындайтын тұлға облыс әкімі, сол облыс әкіміне осы тұлғаға қатысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза беруді ұсынатын болып шешім қабылдадық»,-дейді ҚР МҚІ және СЖҚ іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова.

Ал, Серік Қалдығұлдың айтуынша, ол барлық бөлімнің жұмысына жауап бере алмайды.

Соңғы жаңалықтар