Маңғыстауда балық консервілеу мен ұн өңдеу зауыты іске қосылады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда балық консервілеу және ұн өңдеу зауыттары іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қоғамдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл мәлім етті.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың бекіткен шикізаттық емес секторды дамыту бойынша жоспары негізінде 2 жоба іске асыру жоспарланған. Оның бірі - құны - 40,5 млн теңгенің балық консервілеу зауыты. Қуаттылығы - күніне 400 балық консервісін дайындайды. 7 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жыл мезгіліне орай өз қызметін әлі бастаған жоқ. Зауыт шамамен келер жылдың көктемінде ашылады деп жоспарланған.

«Екінші жоба – құны 105 млн теңге болатын ұн өңдеу зауыты. Қуаттылығы - айына 80 тонна ұн, 30 тонна кебек шығарады. 7 жаңа жұмыс орны ашылады. Айта кетейік зауыттың екеуі де Шетпе ауылында ашылады», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл өңірде 26 жылыжай іске қосылды. Жыл соңын дейін тағы 7-уін ашу жоспарланып отыр.

«Жоспарға сай жылыжай кешендерінің алаңдарын 7 га кеңейту (Ақтау – 1,7 га, Жаңаөзен – 1 га, Бейнеу - 0,22 га, Қарақия - 1 га, Маңғыстау – 1,1 га, Мұнайлы -1,1 га, Түпқараған – 1 га) бойынша тиісті жұмыстар қала, аудан әкімдіктеріне Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе жүргізілуде. Жылыжай алаңдарын кеңейту бойынша жыл соңына дейін көлемі 7,6 га құрайтын 33 жылыжай жұмыс істейді деген жоспар бар. Оның ішінде 5,1 га көлемді құрайтын 26 жылыжай іске қосылды, 2,43 га көлемді құрайтын 7 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Жобаларқұны 1,2 млрд. теңгені құрайды. (бұлар жеке және несие қаражаты) Шамамен 182 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған», - деді С. Қалдығұл.

Серік Қалдығұлдың хабарлауынша, Маңғыстау облысында мал басының саны 10%-ға өсті. Статистикаға сүйенсек, облыс бойынша барлық төрт-түлік мал басының нақты бас саны 621 925-ке (2019 жылы - 566 844) жетті.

«2020 жылғы 10 айы қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы - 16,9 млрд.теңге құрады. Нақты көлем индексі (ИФО) - 100,8% бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8%-ға өсті», - деді Серік Қалдығұл.


Соңғы жаңалықтар