+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Маңғыстауда автобус пен көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

2020 жылғы 20 қаңтар 00:10
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда автобус пен көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

ШЕТПЕ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының «Шетпе – Таушық» тасжолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды Ақтөбеде жол апатынан төрт адам көз жұмды Жеті адам зардап шеккен жол апатына кінәлі жүргізуші жауапқа тартылды

Жол-көлік оқиғасы 18 қаңтар күні Ақтау қаласынан 100 шақырым қашықтықта болған. Hyundai маркалы автобус пен Hyundai Starex көлігі соқтығысқан.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 4 жедел жәрдем көлігі және бір санитарлық авиация бригадасы барған.

Жол апатынан 6 адам зардап шекті. Барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алғандардың екеуі көз жұмған.

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT