Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Маңғыстауда ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары сотталды

2022 жылғы 31 мамыр 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақтау қалалық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаев күн панельдерін жеткізушілерден субсидия беру кезінде жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, оған 28 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ, күн панельдерін жеткізушілер Шынболат Құмар, Жақсылық Аралбаев пара бергені үшін сотталып, әрқайсысына 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот «Байсырымов» ЖК иесін жалған құжаттарды ұсыну арқылы субсидия сомасын алған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу тағайындады.

Сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке 6,9 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар