Маңғыстауда ауыл тұрғындары бұралқы иттер мәселесімен әкімдік алдына жиналды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары бұралқы иттердің мал-жанды қауып, тұрғындардың өміріне қауіп тудырып отырғанына шағымданып, әкімдіктің алдына жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иттер бірнеше ешкімді жеді. Мал үшін келіп тұрған жоқпын. Бұлар адамға қауіп тудырып отыр. Көрші баланы жарақаттады. Адамды талап жатыр. Мына халықтың жан айқайын кім ойлайды?! Итті жоқ қылу керек. Ит атпайды деген – сұмдық. Бұл иттер үйден шыққан иттер емес, көшенің иттері. Қаладан әкеліп төгіп кетіп отыр. Итті атуға бұрын заң болды ғой, соны қайтып енгізсін», - деді ауыл тұрғыны Асылтас Қуатбаева.

Қазір Сайын Шапағатовта 700-ден астам бұралқы ит жүр. Тұрғындар оқу жылы басталғанша иттерді азайтып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап етіп отыр.

«Бізде жапа-тармағай бұрынғыдай көшеге шығып ит аулау деген жоқ. 2022 жылдың наурыз айынан бастап заңға өзгеріс енгізілді. Бірақ, тұрғындардың талап, арыз, өтініштері бойынша ит аулау жұмыстары жүріп жатыр. Бір аптаның шамасында тұрғындардан 30 шағым түсті. Түпқараған аудандық ветеринария станциясы бізге дәрі-дәрмек береді. Дәл қазір қолымызда дәрі жоқ. Жуырда алып келеміз», - деді ауыл әкімі Сайран Қылыш.


Соңғы жаңалықтар