Маңғыстауда аудандық әкімдіктің аппарат басшысы парамен ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігі аппаратының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.

Агенттік өкілінің айтуынша, ол жеке кәсіпкерден алдау жолымен жалпы сомасы 1 миллион теңге көлемінде қаражат алған деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда осы дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар