Маңғыстауда ат спорты клубы сатылымға қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы негізгі қызмет түрлеріне бәйге, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, көкпар және тағы басқа ұлттық спорт түрлерін дамыту кіретін «Маңғыстау облыстық ат спорты түрлерінің клубы» ЖШС жекешелендірілетіні туралы жариялады.

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында атап өткендей, 2013 жылдан бастап ат спорты түрлерін дамытуға бюджеттік қаражат бөлінуде. Клубтың спортшылары ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық жарыстарға қатысып келеді.

Клубта 190-нан астам жаттығады, 24 топ жұмыс істейді. Басқармада аталған келісімнің жаттығу бағасына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін атап өткен. Клубты сатып алған жеке кәсіпкер қызмет бағасын көтеруі әбден мүмкін. Клубтың Жаңаөзен қаласында, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау және Бейнеу аудандарында бөлімшелері бар.

Соңғы жаңалықтар