Маңғыстауда ардагерлер мен жастар волейбол ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Амал» мерекесіне орай және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында волейболдан ардагерлер мен жастар арасында Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы үшін  республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Батыстың амалы - татулықтың қамалы» тақырыбымен өткен іс-шараға жастар мен ардагерлерден құралған 18 топ (200-ге жуық адам) қатысты.

 «Елбасы Жолдауында 2020  жылға дейін қазақстандықтардың 30 %-ның бұқаралық спортпен айналысуы қажеттігін айтып  және осы нәтижеге жету жолында спортқа жоғары дәрежеде көңіл бөлуде. Спорттық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Маңғыстау өңірінде жалауын көтерген волейболдан ардагерлер мен жастар арасындағы республикалық ашық турнирі жастарға рух беріп, біздерді бұдан да жақынырақ табыстыратындығына сенімдімін!», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
null

Турнирдің мақсаты - Жолдаудағы «Дені сау ұлт» бағытын қолдау, салауатты өмір салтын және еліміздің басқа да аймақтарына татулық пен мейірімділік, көрісу дәстүрін дәріптейтін «Амал» мерекесін насихаттау, халықты бұқаралық спортқа тарту.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар