+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Маңғыстауда Амал мерекесі тойланбайды - әкімдік

2020 жылғы 12 наурыз 20:40
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланбайды - әкімдік

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда амал мерекесін тойлау кейінге шегеріледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясына байланысты пандемия жариялады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты міндеттер қойды. Осыған орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Үкімет қабылдаған шешімге сәйкес, 13-14 наурыз күндері «Адай Ата – Отпан тау» рухани тарихи-мəдени кешенінде өтетін шара кейінге шегерілді. Шарада киіз үйлер тігіліп, 5000-ға жуық адам жиналатындықтан, түрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылданды.

«Амал мерекесі – татулықтың, келісімнің мейрамы. Ең бірінші кезекте адамның денсаулығы маңызды екенін түсінуіміз керек. Сондықтан ойымыз бір жерден шығып, ауызбіршілігімізді көрсетейік. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деді сөз соңында Қ.Жұмашев.

​Аймақтағы адам көп жиналатын мәдени шаралардың барлығы тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT