Маңғыстауда алимент төлемеген ер адам қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық соты алимент бойынша берешегі бар ер адамды екі тәулікке қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Мұнайлы аудандық сотымен М. есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша қозғалған іс  қаралған.

Соттың 2011 жылдың 13 шілдесіндегі сот бұйрығына сәйкес, М. ай сайын А-ның есебіне ортақ балалары үшін (18 жасқа толғанға дейін) өз айлығының үштен бірін аударып отыруға міндеттелген. 2016 жылдың тамыз айынан бастап, М. сот бұйрығын орындамай, бүгінгі күнге дейінгі қарызы 310 824 теңгеге жеткен.

Мұнайлы аудандық сотының қаулысына сәйкес, М. жоғарыда аталған 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, екі тәулікке қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар