Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулар жаппай қырылған болатын.

Кейіннен мамандар Қаракөлде аққулардың қырылуына қатты аяз себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Оларың пікірінше, Қаракөлде өлі табылған аққулардың барлығы әлі бір жыл болмаған жас, олар қатты аязға шыдамаған болуы мүмкін.

Сынама алынып, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілді.

21 желтоқсанда өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдары оң нәтиже көрсетті.

Қаракөл - жабайы құстардың осы түрі ұшу жолында тұрақтайтын аумақтың бірі.

Мұз бұғауларынан Қазақстанның бүкіл аумағында тіршілік ететін аққулар табылды.

Соңғы жаңалықтар