+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Маңғыстауда 8 жасар бала емшінің емінен кейін бір қолынан айырылды

2021 жылғы 24 маусым 16:11
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда 8 жасар бала емшінің емінен кейін бір қолынан айырылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы 8 жасар бала емшінің емінен кейін бір қолынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында инфекциялық стационарлардың саны 2 есе қысқарды

17 маусымда Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне Қызылсай кентінің тұрғындары сегіз жасар баласы алып келді. Дәрігерлер шұғыл түрде балаға «оң қолдың шынтаққа дейінгі гангренасы» диагнозын қойды. Өкінішке орай, баланың оң қолын операция жасамай алып қалу мүмкін болмаған. Сондықтан оң қолды шынтаққа дейін ампутациялау үшін хирургиялық операция жасауға тура келген.

Ата-анасының айтуынша, операциядан екі апта бұрын бала велосипедтен құлап қалған. Кейін оның қолын сындырып алғаны белгілі болады. Ата-анасы оны ауылдағы емшіге апарды. Емші баланың қолын таңып тастаған. Арада 10 күн өткенде баланың қолы қарайып жансыздана бастағаны белгілі болады. Ата-анасы сол кезде бүлдіршінді облыстық балалар аруханасына алып келіп, дәрігерлермен көмек сұраған.


Балалар хирургі Құрман Қайрановтың айтуынша, баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Қазір баланың жағдайы жақсы.

Дәрігер егер балаға уақытында медициналық көмек көрсетілгенде дер кезінде аман алып қалуға болар еді дейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT