Маңғыстауда 8 мыңнан астам шетелдік заң бұзған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына шетелден келген 8 мыңнан астам азамат заң бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 1 мыңнан астамы елдеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов есеп беру жиынында мәлім етті.

«Шетелден келгендер былтырғымен салыстырғанда 10,3% артқан. Мәселен, 182 мың 742 азамат ТМД елінен келген»,-деді Қанат Таймерденов.

Жалпы, өңірде 186 мыңнан астам шетелдік уақытша тіркеуге тұрған. Оның ішінде 98% көрші мемлекеттерден келген болса, қалғаны өзге елдерден жеткен. Осы уақытқа дейін шетелдіктердің 76 мыңы заңдастырылып, қазынаға 885 млн. теңге қаражат түскен.

Облыс әкімі бұл азаматтардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар екендігін және уақытша тіркеуде тұрамағандығын сынға алды. Сондықтан осы мәселеге жіті назар аударып, әрқайсысын заңдастыруды тапсырды.

«Жалданып жұмыс істеу үшін 157 мың адам келді, тіркеуден өтпегендер бар. Құрылыс саласында еңбек етіп жүр басым көпшілігі. Әрқайсысын заңдастыруды қадағалау керек. Тіркемегені жұмыс берушіге де тиімді емес пе?! Қанша табатынын ешкім білмейді. Салық төлемейді ме?! Тиісті органдармен бірігіп, осы мәселені қолға алыңыздар»,-деді Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар