Маңғыстауда 7 мектеп түлегі жол-көлік оқиғасынан зардап шекті
2022 жылғы 26 мамыр 01:16

Маңғыстауда 7 мектеп түлегі жол-көлік оқиғасынан зардап шекті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында мектеп бітірген түлектер жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 мамыр күні Сайотеса ауданындағы тасжол бойында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 мектеп бітіруші түлек зардап шекті. Жетеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған, оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен екі жасөспірім санитарлық авиацияның көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Зардап шеккен 2 жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қалған 5-нің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Барлығы да Маңғыстау аудандық ауруханасында ем алып жатыр». – дейді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

Осыған дейін Таразда мектеп бітіруші түлек көлікпен каналға түсіп кеткені туралы хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT