Маңғыстауда 695 мың шаршы метр тұрғын үй өз иесін тапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 75 млрд теңгеге жетіп, өсім 20 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда алты айда 695 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2018 жылғы жоспар - бас-аяғы 916 мың шаршы метр тұрғын үйді болашақ иесіне тапсыру. Қазіргі таңда облыста бір тұрғынның баспанамен қамтылу көрсеткіші - 23 шаршы метр. Ал республикада бұл көрсеткіш 21,6 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы  Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысына бір қарыз алушыға несиенің шекті көлемі 25 млн теңге деп белгіленді. Өңірлік экономика өсімін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы тұрақты бақылауда. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста құны 226 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда. Соның арқасында 3 мың жұмыс орны құрылады.

nullБағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - заманауи транспорттық инфрақұрылымды қалыптастыру. Республиканың және өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту бағытында облыста инвестициялық құны 215 млрд теңге болатын 9 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

«Ауылішілік жолдарды дамыту жұмыстары әкімдіктің тұрақты бақылауында болады. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуден өткізуге бюджеттен 8 млрд теңге қаржы бөлінді. Бейнеу, Қызан, Приозерный ауылішілік, Ақтау қалаішілік, Каспий энергетикалық ХАБ жолдарының құрылысы жыл соңында аяқталады. «Шетпе-Қызан», Баянды, Маңғыстау-4, Қызылтөбе-2, ХГМЗ жолдарының құрылысы жалғасады. Ауыл жолдарын жақсартуды кезең-кезеңімен шешу үшін жалпы ұзындығы 124 шақырым болатын Бейнеу, Құрық, Шебір, Ақшымырау, Басқұдық, Атамекен ауылішілік, Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаішілік жолдары құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. Сонымен қатар, «Таушық-Шетпе» (70 км), «Ақтау - Форт-Шевченко - Қаламқас кен орны» (66 км), «Шетпе-Үштаған» (54 км), «Тұщықұдық ауылы» (29 км), «Тұщықұдық-Шебір» (13 км) автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдар үлесі - 92%», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

 «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста құны 19 млрд теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асырылуда. Қазір облыста пайдаланылмай отырған 452 жер учаскесі (26 мың га) бар, оның ішінде 111 жер учаскесі (21 мың га) мемлекет меншігіне қайтарылды.

167 жер учаскесі шағын және орта бизнес субъектілеріне сауда-саттыққа шығарылды. Оның ішінде 105 учаске (36 мың га) аукцион арқылы, 62 учаске (100 мың га) уақытша пайдалану құқығымен сатылды. Нәтижесінде бюджетке 1,7 млрд теңге түсті.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Олар: кәріз тазалау станциясы; АҚҚУ-1 тұрғын үй кешені; Жаңаөзен қаласындағы жылу-энергетикалық станса. Үлескерлер мәселесі де толықтай шешімін тапты.

Соңғы жаңалықтар