Маңғыстауда 600 дуадақ еркіндікке жіберілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау ауданының Сай-Өтес ауылында 600 жиек дуадақ Кендірлі-Қаясан қорығына ұшырылды. Құстардың көбі Біріккен Араб Әмірлігінде өсірілген болса, кейбіреулері Түркістандағы тұқымбақтан әкелінген, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Шара мақсаты - жойылып бара жатқан, сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген дуадақтың популяциясын сақтау және қалпына келтіру.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, қазақ даласына 2009 жылдан бері жыл сайын Әбу-Даби қаласында өсірілген құстар жіберіледі. Облыс аумағында ұшырылған құстардың барлығына арнайы белгі тағылып, GPS қондырғылар орнатылған. Осы құрылғылардың арқасында қорықшылары мен ғалымдар құстың ұшып кететін бағытын және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Адам қолында өскен дала құсы Маңғыстау табиғатына да тез сіңісіп, қысқа дейін жылы жаққа ұшып кетеді.null

«Біздер алдымен, Маңғыстау өңірінің табиғатымен танысып, өңірдің экологиялық жағында ескердік. Бұдан бөлек ауа-райын да бақылып көрдік. Содан соң Маңғыстау даласы дуадақ құстарына нағыз қолайлы мекен екенін біліп, 20-30 нүктеге қазық қағып, белгіледік. Қазір біз сол алғашқы нүктелердің біріндеміз. Бұл жерлер дуадақ құсына таптырмас өңір екен. Біздер құстарды жіберіп қана қоймай, оларды 10-15 күндей бақылап, қарап жүретін боламыз. Олардың осы жерлерге жерсініп кетуіне мүмкіншілік жасаймыз», - дейді құс маманы Эрик Ле Нуз.

Жалпы мамандардың болжамы бойынша, өңірде шамамен 1-1,5 мың дуадақ мекен етуге мүмкіндік бар.

«Осы жерде сәуір, мамыр айларында жұмыртқалайды. Балапандарын өргізеді. Сосын күзге дейін Маңғыстау аумағында болады. Қазан, қараша айларында алғашқы суық түскен кезде, екі-үш күнде бір жиналып, жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылыған уақыттак көктемде Маңғыстауға ұшып келеді», - дейді Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ғаббас Досатов.

Шараның қаржыландыруды Біріккен Араб Әмірліктері және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетімен бірлесе жүзеге асырады.null null null

Соңғы жаңалықтар