Маңғыстауда 6 мыңнан аса жер заңсыз қоршалған

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау мен Жаңаөзен қаласында 6 мыңнан астам жер заңсыз қоршалған. Бұл ғарыштық түсірілім кезінде белгілі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір жерді заңсыз қоршап алғандардың тізімі жасақталып, тексеру жұмыстары басталып кетті. Бүгінге дейін Ақтау қаласы бойынша 379 жерді, Жаңаөзенде 81 жерді тұрғындар өз атына рәсімдеп алған.

«Қосымша алынған жер бойынша жергілікті өкілетті орган әкімнің атына арыз, өтініш жазу арқылы тұрақты комиссия негізінде қарап, талдау қорытындысын беруі керек. Одан кейінгі орналастыру жұмыстарын сәйкестендіру құжаттары бойынша біздер рәсімдеп бере аламыз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК«КЕАҚ МОФ жер кадастры басқармасының басшысы Аманқос Бисембаев.

Мамандар жер телімін дер кезінде рәсімдемесе, айыппұл салынатынын айтады.

Айта кетейік, «Ғарыш сапары» космостық мониторингі алғаш рет осындай заңсыз қоршап алынған жерлер бойынша түсірілім жүргізді.

Алдағы уақытта өңірдің 5 ауданы да ғарыштан түсірілмек.

Соңғы жаңалықтар