Маңғыстауда 6 айда есірткіге қатысты 188 қылмыстық іс тіркелген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Маңғыстау облысында есірткіге қатысты 188 қылмыстық іс тіркелген.  Оның ішінде 43 дерек есірткі саудасына қатысты. Мұны өңірлік ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы өңірде нашақорлықтың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар өтуде. Жауапты мамандар ақпараттық парақшалар таратып, лекциялар ұйымдастырып жатыр.

«Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес айлығы аясында лагерлерде 10-нан аса түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады. Мақсат - жас ұрпақтың бойында есірткіге деген жек көрушілік қабілетін қалыптастыру», - дейді МО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев. 

Соңғы жаңалықтар