Маңғыстауда 49 жастағы ер адам суға кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Оқыс 3 қыркүйек сағат 7-лер шамасында Қарақия ауданының Құрық кентінде болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қожабекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, көз жұмған тұрғынның денесін қасындағы достары алып шыққан.

«Қаза тапқан азамат тыйым салынған жерде суға түскен. Мәйіт жағалаудан 3 шақырым жерден табылды. Оқиға куәгерлері, достарының айтуынша, ол мас күйінде суға шомылған», - деді ол баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Маңғыстауда жыл басынан бері 8 адам суға кетті.


Соңғы жаңалықтар