Маңғыстауда 4 айда 25 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

None
Ашық көздерден алынған фото
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Маңғыстау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығына шетелдік азаматтарды қоспағанда 25 адам АИТВ инфекциясымен тіркеуге алынған. Бұл туралы орталықтың бөлім меңгерушісі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АИТВ инфекциясының 88 пайызы гетеросексуалдық байланыста жұққаны анықталған. 8 пайызы гомосексуалдық байланыста, ал 4 пайызы анадан балаға берілу жолымен жұққаны белгілі болған.

«АИТВ инфекциясының таралуы халықтың өмір сүру ұзақтығына, мемлекет пен өңір халқының экономикалық көрсеткіштері мен өмір сүру деңгейіне кері ықпалын тигізеді. Өткен 4 айда жалпы халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша 156 іс-шара өткізіліп, 7235 адам қамтылды», - деді Маңғыстау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі Амангүл Кемазанова.


Соңғы жаңалықтар