Маңғыстауда 39 жастағы әйелге іздеу салынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 1980 жылы туған азаматшаға іздеу салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Алима Кульчикова Ақтауда 3Б шағын ауданында орналасқан политехника колледжінен 18-қыркүйек күні белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.

Сол уақыттан бері хабарсыз.

Үстінде сұр түсті пиджак, қызғылт түсті кофта, қара түсті юбка, өзімен бірге жасыл сөмке болған.

Азаматшаның бойы шамамен 155-160 см, орташа денелі, шашы қысқа қара түсті, меңі бар.

Полиция департаменті қандай да мәліметтер болған жағдайда, 47-48-10, 47-48-25, 53-18-22, 8778 666 27 72 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар