Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Маңғыстауда 352 борышкер алимент төлемей қашып жүр

2022 жылғы 16 маусым 07:38

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 352 ер адам алимент төлемей жалтарып жүр. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері алимент бойынша 10 268 іс болған.

- Бүгінгі таңда алимент бойынша қаралған істен 6343 ер адамның алименті жұмыс орны бойынша ұсталып отыр, 3573 ер адам өз бетінше төлеп отыр. Ал, қалған 352 борышкер алимент төлемей жалтарып жүр. Жалпы көрсеткіш жыл сайын артып келеді, - деді Айзат Тіленбаев.

Айзат Тіленбаев алимент өндіріп алу бойынша тегін қызмет көрсететін адвокаттар бар екенін атап өтті.

- Адвокаттар тегін заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда өтінішті, шағымды, өтінішхатты және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау арқылы көрсетеді. Алимент өндіріп алу бойынша тегін заң көмегін көрсететін адвокаттардың тізімі әділет департаментінің ресми сайтында және әлеуметтік желі беттерінде жарияланған, - деді Айзат Тіленбаев.


Автор:

Жанат Қапалбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары