Маңғыстауда 300 балаға сыйлықтар үлестірілді

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - 1 маусымда Ақтаудағы «Маңғыстау арена» спорт сарайында «Әке, ана және мен - татулы отбасымыз» атты спорттық және қайырымдылық акциясы өтті.

Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылының тәрбиеленушілері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, көпбалалы отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «көңілді старттар», конкурстар, эстафеталар, зумба биі ұйымдастырылды. Сондай-ақ балаларға тәттілер, ойыншықтар және түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Акцияны облыстық және қалалық әкімдіктер, Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы, банктер және аймақтық компаниялар қаржыландырды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың атынан акцияға қатысушыларды аудандық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Мұхтар Ибраимов құттықтады.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы акцияның 300 кішкентай қатысушысына сыйлықтар мен ойыншықтар табыстады.

«Құрметті балалар! Сіздер - үлкен бақыттың кішкене бөлігісіздер, әрбір ересек адамның өмірін шынайы қуаныш пен жылулыққа толтыратын ғажайып жансыздар. Балалар махаббат пен қамқорлыққа, ата-ананың қамқорлығына мұқтаж және әрбір баланың жүрегі бұл кішкене бақыттан айырылмауы керек. Балалар мейрамында әрбір балаға ауыз бірлігі мықты отбасын және балалық шақты алаңсыз өткізуді тілеймін. Балалардың күлкісі елімізді жарқыратып, құлпыртсын.Маңғыстаудың әрбір кішкентай тұрғыны дені сау және бақытты болсын», - деді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Бану Ұзақбаева.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының атынан облыстық балалар ауруханасының директоры Аманбек Жұмиров құттықтап: «Осы керемет мерекеге үлес қосқан әрбір адамға рахмет! «Біз - адамбыз - біргеміз» қоғамдық бірлестігін, оның көшбасшысы Иманғазы Досмұхамбетовты туған күнімен құттықтаймыз, және мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үлкен көңіл бөлгеніңіз үшін алғыс айтамыз», - деді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне Ақтау қаласының №2 арнайы орта мектебі, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, «Біз - адамбыз - біргеміз» қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттар берілді.

Соңғы жаңалықтар