Маңғыстауда 3 айда 68 адам туберкулез жұқтырған

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 2023 жылдың басынан бастап 68 адам туберкулезге шалдыққан. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 жағдайға азайып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Көркінбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, тіркелген 68 жағдайдың 3-уі 14 жасқа дейінгі балалар, 39-ы еңбекке қабілеттілігі жоғары 18-55 жасқа дейін азаматтар. Туберкулезге алғаш шалдыққандардың 34-інде аурудың бациллярлық түрі анықталған.

«Туберкулез ауруы – бұл жұқпалы созылмалы қайталанатын кох таяқшасы арқылы беріліп, 80-85% тыныс алу жолдарын зақымдайтын ауру», - дейді Гүлнар Көркінбаева.

2023 жылы тіркелген 68 науқастың 12-і бактериоскопиялық әдіспен, 26-ы рентгенографиялық тәсілмен, 30-ы өзге медициналық тәсілдермен анықталған.


Соңғы жаңалықтар