Маңғыстауда 29 иттің өлексесі табылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Иттерді жекелеген тұлғалар «дротик» мылтығының оғымен атып, шұңқырға тастап кеткен. Бұл туралы арнайы комиссия мүшелерінің зерттеуі барысында анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы комиссия мүшелері Маңғыстау облысы Қарақия ойпаты маңында табылған иттердің өлекселерін зерттеу барысында бұл иттердің ел арасында «дротик» аталатын мылтық оғымен атылғанын анықтады. Жалпы 29 иттің өлексесі табылды. Мемлекеттік ветеринариялық станса мамандары бұралқы иттерді аулау барысында шпирцпен арнайы дәрі салып, ұйықтатады. Сосын барып оларды залалсыздандырады, өртейді. Сондықтан бұл иттерді біздің ветеринарлық станса мамандары өлтірген жоқ. Енді бұл істің мән-жайын тəртіп сақшылары қолға алып, анықтайтын болады»,- дейді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.

Фото - Лада.кз сайтынан


Соңғы жаңалықтар