Маңғыстауда 17 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу (2018 жылғы 6 айдың қорытындысы) барысы туралы - Индустриялық-инновациялық даму басқармасының м.а. Тілеген Едігеев баяндады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының көрсеткіштерінің динамикасы: өңдеу өнеркәсібінің экспорты - 114, 4%-ға,  өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі - 142,2% - ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 106,0% орындалса, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі - 112,0% орындалды. 2018 жылғы қаңтар-маусым айларындағы өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі  3,8 млрд теңгені құраса,  өндіріс көлемі сәйкесінше алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,0% өсіп (ИФО- 112,0%) 118,7 млрд. теңгені құрады.  2017 жылдың қантар-желтоқсан айында өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 16,8 мың адам.

«Кәсіпкерлікті қолдау қартасы аясында үш жылда  жалпы құны 152,7 млрд. теңге құрайтын 9 жоба пайдалануға беріліп,  944 жаңа жұмыс орны ашылды. Карта аясында 2018 жылы жалпы сомасы 11,5 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске асыру және 223 жұмыс орны ашылуы жоспарланған.

Биылғы жылдың мамыр айында «Бест-Груп» ЖШС күн элекростанциясы жобасы іске асырылған», - деді Тілеген Едігеев.

 «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы»  - облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков баяндап өтті. Бүгінгі күнге дейін  төрт арнайы штаб  отырысы өткізіліп, облыстың негізгі кәсіпорындарының жылыту  маусымына өте жақсы деңгейде жүріп жатқанын мәлімдеді. «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бойынша негізгі қондырғылардың дайындығы 85% құрайды, «МЭБК» АҚ бойынша дайындығы 90% құрайды. Сондай-ақ, әлеуметтік салалар бойынша дайындық жұмыстары төмендегідей:  388 білім беру нысандарының 369 дайын (95%), 102 денсаулык нысандарынан - 91 дайын (89%),  140  әлеуметтік нысандардың -122  дайын (87%), тұрғын үй бойынша - 1541 көпқабатты үйдің 1356 дайын (88%), (сумен сынау және жуу жұмыстары), қалған үйлер ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін дайын болады- деді Сапар Аманбеков.

Жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық туралы -  Білім басқармасы басшысының м. а. Нұрлыбек Қойжанов баяндады. Облыста  271    мектепке дейінгі ұйым, 143 мектеп, ТжКБ 27 ұйымы, қосымша білім беру ұйымдары 15  жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 134 129 оқушы мектепке барады, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының контингенті 16600 оқушыны құрайды. Жаңа оқу жылының басында күтілетін желі саны - 143 мемлекеттік және 5 жекеменшік мектеп. Биыл облыста  - 9 мектеп ашылды. Оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен  1 млрд. 546 млн. 512 мың қаржы бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар