Маңғыстауда 149 адам үйден екпе алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 149 адам коронавирус вакцинасы үйден апарып салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті.

Қазір аула аралау жұмыстары бойынша облыстағы 17 көшпелі бригада 149 адамға екпені үйден салды.

«Қазір мобильді топтар үйден 1 057 қызмет көрсетті. Үй жағдайында пневмонияға қарсы ем қабылдап жатқандар саны - 135, жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы 421 адам емделуде. Жедел-жәрдем бөлімінде 53 бригада жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін тәулігіне мыңнан астам шақырту тіркелсе, қазір қоңырау саны 749-ға дейін төмендеді. Бүгінде вирус пневмониясы бойынша түсетін шақырту деңгейі төмендеді», - деді Аманбек Жұмыров.

Спикердің айтуынша, облыста короанвирус вакцинасының I-компонентімен 134 115, II-компонентпен 95 811 адам егілді. Қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V», QazVac, Vero Cell және CoronaVac вакциналары бар.

Ал Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуевтың мәліметінше, өңірдегі соңғы репродуктивті көрсеткіш 1,2. Төсек корының көрсеткіші 48%.

«Жансақтау бөлімшесінде 121 науқас жатыр. Оның ішінде ауыр жағдайда 58, өте ауыр халде 68. Соңғы тәулікте 16 адам қайтыс болды. Облыс аймағында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 52 екпе егу пункті бар. Оның ішінде 38-і медициналық ұйымдардарда орналасқан, ал 14-і жылжымалы егу пункті. Дегенмен облыс бойынша вакцина алу көрсеткіші төмен. Осы орайда барша тұрғындарды екпе алуға шақырамын»,- деді Ғазиз Надуев.

Соңғы жаңалықтар