Маңғыстауда 13 жастағы қызды зорлау ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызының зорланғаны туралы полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам 27 қаңтарда құқық қорғау органдарына жүгініп, 2005 жылы туған қызын зорлап кеткенін айтқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бап, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

«Тергеу ісі басқармадағы ең тәжірибелі маманға жүктелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл оқиға облыс прокуроры мен ПД басшысының жеке қадағалауына алынған» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар