Маңғыстауда 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Маңғыстауда 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Облыс 108 пайызбен республика бойынша 1 орынға тұрақтады. Алайда, мұнымен шектелуге болмайды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы тапсырғандай бұл салада экспортты арттырып, кооператив жұмысын жандандыру керек.

Өңірде 500 мыңнан астам мал басы бар. Оның ішінде жылқы саны көп. Әсіресе, Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған ауданында фермерлер шаруашылығын өркендетіп отыр. Бірақ ірі қара бағушылар азайған. Сондықтан биыл мал өнімі өнімділігін арттыру үшін мемлекет шаруаларға біршама субсидия берген. Мәселен, 2016 жылы 38 миллионға қолдау көрсетілсе, 2017 жылы бұл сома 2 есеге артып, 60 миллион 300 мың теңгеге жеткен.
null 

Ауыл шаруашылығындағы негізгі мәселе - су тапшылығы. Сондықтан шаруалар құдық қазып, малын суарады. Өткен жылы елді-мекендерде 59 құдық болса, биыл 1 құдық қазылған.

Аймақтағы егін шаруашылығы да өркендеп келе жатыр. Былтыр 1100 га егістік болса, осы жылы 1200 га егістік алқабына көкөніс өсірілуде. Әсіресе, жылыжай саны артқан. Былтыр 27, ал биыл 30 жылыжай бар.

Өңір басшысы қойған негізгі міндет - ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру. Мал басы санын өсіру. Егін алқабын кеңейтіп, жылыжай санын көбейту. Сондықтан биыл баламасыз «Нұркапитал» жобасы жүзеге асуда. Өз кәсібін жүргіземін деген шаруагерлер бар болғаны 1%-бен несие ала-алады.

Әйгерім Ашықбаева

Соңғы жаңалықтар