Маңғыстауда 12 адам үй карантинінде отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 20 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 49 адам ем қабылдап жатыр. Үй карантинінде оқшауланып отырған 12 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 49 науқастың ішінде 3 адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қалған 46-сы коронавирустық пневмония.

«Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 23 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43»,- делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар