Маңғыстауда 111 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жолдауында(35-36қадам) пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі жүйелі түрде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. 

Кезекті жиын барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Кезінде кей жерлер жекеменшікке өтіп кеткені белгілі. Оларды мемлекеттің меншігіне қайтаруымыз керек. Оның ішінде Ақтау қаласындағы теңіз жағалауы да бар. Жағалауда жасалып жатқан жұмыстың барлығы тек қана халық үшін болуы керек», - деген болатын. 

Маңғыстау облысында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық және қалалық әкімдіктердің мәліметтері негізінде, жер учаскесінің пайдалану мерзімінің  өтуіне байланысты қайтарылған және пайдаланылмаған  452 жер телімі анықталып, оның жалпы көлемі 26413,87 гектарды құрады.

Сонымен бірге, көрсетілген мерзімде көлемі 20700,919 га құрайтын 111 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Бүгінгі таңда игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және бұл облыс әкімі Ералы Тоғжановтың жіті бақылауында.

Соңғы жаңалықтар