+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Маңғыстауда 100-ге жуық адам карантинде жатыр

2020 жылғы 27 наурыз 14:42
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда 100-ге жуық адам карантинде жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 100-ге жуық адам ауруханаларда карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысы коронавирус жұқтырудан көш бастап тұр Ералы  Тоғжанов Атыраудағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді Жұқпалы аурулар стационарлары бірнеше деңгейге бөлінеді - Алексей Цой

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев мәлімдеді.

Қазір аймақта індеттің алдын алу мақсатында кешенді шаралар жасалып жатыр. 70 төсек инфекциялық ауруларды қабылдауға, 280 төсек провизорлық тексеру жасау үшін, 600-ге жуық төсек карантинге жатқызуға дайын. 400-дей тұрғын тексеріліп, карантиннен шықты.

«Кеше түнде 70 жуық ҚР азаматы Ыстамбұлдан Ақтауға ұшып келді. «Тәжен» шекаралық бақылау бекеті арқылы Өзбекстаннан 14 Маңғыстау облысының тұрғыны келді. Барлығы тексеріліп, арнайы көліктермен Ақтауға жеткізіліп, карантинге жатқызылды. Сараптама қорытындысы теріс нәтиже берген жағдайда үйлеріне карантинге жіберіледі»,-деді Әнуар Сағымбаев.

Өңірдің бас дәрігері аймаққа келген кез-келген тұрғын әуежайда, теміржол вокзалдарында, автожолдарға қойылған бекеттерде медициналық тексеруден өтіп, дене қызуы өлшенетінін айтып өтті.

«Әр аймақта адам ағзасынан Covid-19 инфекциясын анықтайтын вирусологиялық зертхана бар. Облыста сараптама жасайтын құралдар жеткілікті мөлшерде. Барлығы тегін жасалады»,-деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT